Шымбұлақта алып ағаш құлады

105
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TcRIz6V1KwuEDc9xFBUVwfRsiggosIpvztzguzAt.webp

21 ақпан күні Шымбұлаққа барған қала тұрғындары мен туристер алапат дауылдың куәсі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қатты соққан желдің әсерінен арқанжолдар тербеліп, алып ағаш құлаған. Үлкен ағаш серпантин жолына құлап, көліктердің жүруіне кедергі жасаған. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жолдың тазартылғанын хабарлады.

“Жолдың жүру бөлігі Құтқару қызметі мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері тарапынан тазартылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Қазгидрометтің болжауына сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. 

Комментарии
Другие материалы