«Олигарх қазақ» және басқалар. Академиялық кітапханада жаңа кітаптар таныстырылды

152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1KzmwH5jr0T2ZhnFOXCY1uw0J7qRYBYUr2rnigcu.jpg

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының жаңа туындылары – «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви»кітаптарының таныстырылымы өтті.

Әдеби кеш барысында қаламгер шығармашылығының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшелігі және қазіргі әдеби үдерістегі орны кеңінен талқыланды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар, мәдениет қайраткерлері мен оқырмандар қатысты.

Кездесу аясында автор жаңа еңбектерінің жазылу тарихы мен негізгі тақырыптық-идеялық бағыттары туралы айтып берді. Қатысушылар жазушының шығармаларындағы тарихи таным, ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам келбеті үйлесім тапқанын атап өтті.

Сондай-ақ кеш барысында қаламгерге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Жиын соңында әдеби орта өкілдері автор шығармашылығының өзектілігіне тоқталып, жаңа туындылардың ұлттық әдеби кеңістіктегі маңызын ерекше атап өтті. Кітап таныстырылымы оқырман мен қаламгер арасындағы мазмұнды сұхбат алаңына айналды.

Комментарии
Другие материалы