Украина президенті халықаралық олимпиададан шеттетілген спортшысын марапаттады

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X72kmWNe4wvIdFz75jTJr5yIFXGNY6KTj2vemhwY.jpg

Владимир Зеленский украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичті елдегі жоғары мемлекеттік марапаттардың бірі – «Бостандық» орденімен наградтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешім спортшы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары жарысына қатысудан шеттетілгеннен кейін қабылданды. Бұған дейін Гераскевич жарыс кезінде шлемін шешуден бас тартқан. Спорттық бас киімде Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы қаза тапқан 20-дан астам украин спортшысының портреттері бейнеленген.

Халықаралық бобслей және скелетон федерациясы бұл әрекетті ереже бұзу деп бағалап, спортшыны жарысқа жібермеді.

Украина президенті спортшыға ұстанымы мен батылдығы үшін алғыс білдірді. Зеленскийдің айтуынша, қаза тапқандарды еске алу – ереже бұзу емес, ар-намыс мәселесі.

Айта кетейік, бұған дейін украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алғашқы жарыс алдында шеттетілгені туралы хабарлаған едік.

Комментарии
Другие материалы