Бішкекте тағы да көрші елдерге су сату мәселесі көтерілді

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8CryJi3cBRPEB1zuC5LguQTqdIVXHuvsNfRywuu5.jpg

Бішкекте Жоғары Кеңестің аграрлық саясат, су ресурстары, жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырысында Қырғызстанның көрші елдерге беретін суына ақы алу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Кактусқа сілтеп.

Депутат Үмбетәлі Қыдыралиев Қырғызстан су қоймаларындағы судың шамамен 80 пайызы Қазақстан мен Өзбекстанға кететінін айтып, осы ресурстар үшін ел экономикалық пайда көре ме деген сұрақ қойды. Оның айтуынша, гидротехникалық нысандарды күтіп ұстау, жөндеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен шығынды талап етеді.

Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Қазақстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысып жатқанын және олардың су ресурстарына мүдделі екенін атап өтті. 

Сондай-ақ ол Кемпир-Абад су қоймасы Өзбекстанмен 50/50 қағидасы бойынша басқарылатынын, ал Киров және Орто-Токой су қоймалары Қырғызстан балансында екенін айтты.

Министрдің айтуынша, су бөлу көлемін жыл сайын мемлекетаралық комиссиялар шешеді. Сонымен қатар бұл мәселе бойынша нақты экономикалық келісімдер жабық ақпарат санатына жатқызылған.

Торобаевтың сөзінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көрші елдерден гидронысандарды жөндеуге ақша талап етпеу жөнінде тапсырма берген. Қажет жағдайда көрші мемлекеттер тек өз еркімен көмек көрсете алады.

Комментарии
Другие материалы