АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

81
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OKZKQPnn0FP0nuRg7wNCaXq1f7GGv7JRg6yHZfgx.jpg

АҚШ Иранмен өткен келіссөздердің жаңа кезеңінен кейін бірнеше сағат ішінде Тегеранға қарсы жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Свободный Иран телеграм арнасына сілтеп.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, санкциялар заңсыз иран мұнайы, мұнай өнімдері және мұнай-химия өнімдерінің саудасына қатысы бар деп есептелетін «көлеңкелі флотқа» кіретін 15 ұйым мен 14 мұнай танкеріне қатысты енгізілген.

Сонымен қатар Иран мұнайын тасымалдау мен экспорттауға қатысы бар тағы 15 ұйым мен екі жеке тұлға да санкциялық тізімге енгізілді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Тэмми Пиготт мәлімдемесінде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты «максималды қысым» саясаты аясында елдің заңсыз мұнай экспортын азайтуға бағытталған шараларды жалғастыратынын атап өтті.

АҚШ тарапы бұл шаралар Иранның мұнай экспорты арқылы түсетін кірістерін шектеуге бағытталғанын айтты.

Комментарии
Другие материалы