Пәкістанда лаңкестік шабуылдардан сексеннен астам адам қаза тапты

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aamGYRLX4UDKVJzMwMK20kfLSiTl1h92f0pCzKIc.webp

Пәкістанның Белуджистан провинциясында болған лаңкестік шабуылдар салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, сенбі күні сепаратистік «Белуджистан азат ету армиясы» ұйымдастырылған бірнеше шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алған. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың қатарында 11 бейбіт тұрғын, 10 қауіпсіздік қызметкері және 67 шабуылдаушы бар. Сонымен қатар қарулы топ бірнеше банкті тонаған.

Провинциялық үкіметтің өкілі Шахид Ринд шабуылдардың басым бөлігі дер кезінде тоқтатылғанын мәлімдеді. Ал Белуджистан үкіметінің басшысы Сарфраз Бугти қауіпсіздік күштері шабуылдаушыларды қудалап жатқанын айтты.

Белуджистанның денсаулық сақтау министрі Бахт Мұхаммад Какардың айтуынша, шабуылдар бір мезгілде басталған. Лаңкестер күзет бекеттеріне, полиция көліктеріне, Долбандин қаласындағы әкімшілік нысандарға шабуыл жасаған. Сондай-ақ тасжолдарда автобус жолаушыларын кепілге алуға әрекеттенген.

Мастунг округінде қарулы топ түрмеге шабуыл жасап, 30 тұтқынды босатқан. Ал Нушки округіндегі жасақ штабына жасалған шабуыл тойтарылған.

Билік мәліметінше, соңғы екі тәулікте Белуджистан провинциясында 100-ден астам содырдың көзі жойылған. Қаза тапқандар саны әлі нақтыланып жатыр.

Комментарии
Другие материалы