Қытайда жоғары лауазымды екі әскери шенеунікке қатысты тергеу басталды

359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/N2XXO1THFxECASmnOjXrDp74S85F5fLSAhuOGPMk.jpg

Қытай билігі ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Юсяға және ҚХР ОӘК Біріккен штабының басшысы Лю Чжэньлиге қатысты «тәртіп пен заңды бұзу» деректері бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Чжан Юся және Орталық әскери кеңестің Біріккен штабының бастығы Лю Чжэньли тәртіп пен заңды өрескел бұзды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Чжан Юся мен Лю Чжэньлиге қатысты ресми тергеу бастау туралы шешім қабылдағаны атап өтілді.

Айта кетейік, ресми хабарламаларда қолданылатын «тәртіпті өрескел бұзу» термині әдетте шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін екенін білдіреді.

Аналитиктердің айтуынша, бұл — Қытайдың саяси тәжірибесінде сирек кездесетін жағдай. Себебі әскери басқарудың ең жоғары сатысындағы екі тұлға тергеуге ілініп отыр. Әсіресе мамандар Чжан Юсяның тергелуіне ерекше назар аударуда. Көп жылдар бойы оны ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ең жақын әскери серіктестерінің бірі деп атап келген.

Комментарии
Другие материалы