Ақтөбеде жол апатынан 4 адам қаза тапты

250
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vvsPDAzEA3l3afiPfdewVAb0ie0DQNJy3Zhlr21c.webp

25 қаңтарда Ақтөбеде үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болып, 4 адам мерт болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға «Ақтөбе-Орынбор» автожолының Құрайлы ауылының маңында тіркелген. ПД мәліметінше, қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтөбе қаласынан Мартөк ауылына бағыт алған «Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысты. Соққыдан «Honda Odyssey» бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты»,-делінген хабарламада.

«Honda Odyssey» автокөлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110 автокөлігінің бір жолаушысы зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Комментарии
Другие материалы