Дін мен мемлекетті бөлуді Конституцияда одан әрмен нақты бекіту ұсынылды

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K1dxJH2duyRZJfQlRHZWMJz08oVQGhiH8vn3FWmP.png

Қазақстан заңгерлер одағы Конституцияға дінді мемлекеттен бөлу нормасын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның отырысында Конституцияға дінді мемлекеттен бөлу туралы нақты норманы енгізу ұсынысын жасады.

Серік Ақылбайдың айтуынша, қазіргі Конституцияда зайырлылық принципі бар болса да, ол жанама түрде көрсетілгендіктен, заң қолдануда түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Оның пікірінше, дінді мемлекеттен бөлу мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы шекараны нақты белгілеп, барлық азаматтарға тең және бейтарап көзқарасты қамтамасыз етеді.

«Бұл норма азаматтардың сенім бостандығын шектемейді, керісінше, оны құқықтық кепілдікпен қорғайды. Конституция жоғары заң күші актісі ретінде осындай сезімтал салада кеңейтілген түсіндірмелерге жол бермеуі керек», — деді Ақылбай.

 

Комментарии
Другие материалы