«Манчестер Юнайтед» пен «Челси» клубтарында ойнаған футболшылар Қазақстанға келді

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uFvFQq3YyZAEUNMskT5gdJk9o9VAXtS2em9eoBui.jpg

«Манчестер Юнайтед» пен «Челси» клубтарында ойнаған бұрынғы футболшылар Қазақстанға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Sport-қа сілтеп.

Желіде португалиялық Луиш Нани мен нигериялық Виктор Мозес Қазақстанға келіп, «Ақтөбе» және «Қайсар» клубтарымен келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған. 

«Ақтөбе» футбол клубының мәліметінше, Луиш Нанимен клуб бір жылдық келісімшарт жасайды. Спортшы Нани клубтың халықаралық деңгейде ілгерілеуіне жауапты ойнаушы-менеджер қызметін де атқарады. Инсайдерлердің мәліметінше, футболшыға жылына 840 мың доллар көлемінде жалақы төлеу жоспарланған.

Айта кетейік, 39 жастағы Луиш Нани 2024 жылы кәсіби футболшы ретіндегі мансабын ресми түрде аяқтаған. Осыдан кейін ол Ресейдің Медиалигасында бір ғана матч өткізген.

Ал футболшы Виктор Мозес Қызылордаға келген. Бұл туралы «Қайсар» клубының баспасөз қызметі бейнеролик жариялады.

Футболшының ауысуы жақын уақытта ресми түрде рәсімделеді деп күтілуде. Мозеспен келісімшарт бір жылға жасалмақ.

«Сәлем, достар! Мен — Виктор Мозес. Мұнда келгеніме қуаныштымын және ойынды бастауға асығып отырмын. Алға, “Қайсар”!», — деді спортшы.

Комментарии
Другие материалы