Қанды қаңтар. Саясаткер Баку оқиғасының сабақ болғанын айтты

472
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6VB961EiZOg9HZdJhuNLnykzev5j0z53qTmxWE8O.webp

1990 жылғы қаңтарда болған Әзербайжандағы оқиғалар тек зиялы қауымның ғана емес, бүкіл халықтың коммунистік режимге қарсы көтерілісі болды. Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының бұрынғы депутаты, саясаттанушы Владимир Цыбулько Report агенттігінің Шығыс Еуропа бюросына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Горбачев қалаға әскер кіргізіп, қару қолдану туралы бұйрық берді. Неліктен дәл Бакуді таңдады? Себебі Баку Кавказдағы экономикалық тұрғыдан ең дамыған орталық еді. Кавказдың басты республикасын басып-жаншу арқылы өз күшін басқа аймақтарға да көрсетуге мүмкіндік болды», – деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Горбачев режимі Бакудегі наразылықты баспаса, бұл толқулар бүкіл Кеңес Одағын күйрететінін түсінген.

«Біз 1986–1987 жылдары Қазақстандағы жаппай толқуларды, 1989 жылы Тбилисиде болған оқиғаларды білеміз. Бакудегі оқиғадан бір жыл өткен соң Вильнюсте де қан төгілді. Алайда Баку Кавказда ғана емес, бүкіл КСРО-да кеңестік режимнің қайтарылмайтын нүктесіне айналды. Одан кейін Украина, Литва, Балтық елдері көтерілді, ақырында бұл Горбачев үшін қайғылы аяқталды. Бакуден кейін елдер өмірлік сабақ алды. Олар Ресейден үлкен қантөгіссіз алыстау мүмкін емес екенін түсінді», – деп қосты саясаттанушы.

Комментарии
Другие материалы