Дербес деректерді жаппай таратқандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды

422
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X20z7vB3eg0f1iHBjZQ0N25w6G2bhoVSlZ2MlVDU.jpg

Елімізде азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз»,- деді Коняшкин.

Вице-министр цифрлық трансформацияның азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керектігін атап өтті.

 

 

 

Комментарии
Другие материалы