“I am really sorry". Қариннен кешірім сұраған Президент оның қызметі жойылатынын айтты

253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7KFf2tr5my3jkNExgjg7EVPgLe84UxD4Z4y08fQq.jpg

Қазақстан Президенті мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жайлы Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда мәлім болды.

 «Қолданыстағы Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылуға тиіс», – деді президент. Осы тұсын айтып бола бере жанында отырған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге бір қарады. «I am really sorry» (Мені кешір), – деп күлді президент.

Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы Жарлыққа Президент Тоқаев 2022 жылғы маусымда қол қойған еді. Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік кеңесші – Президент қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы. Бұл қызметті Ерлан Қарин атқарып келеді.

Комментарии
Другие материалы