Толық автономды алғашқы ірі тікұшақ әуеге көтерілді

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HvLsuOAOHVs9Cnz8kESYU6vn7C8vytEha6Qk7Elq.jpg

Ұлыбританияда алғашқы толық автономды тікұшақ алғаш рет сынақтан өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аппарат Лизард түбегіндегі Преданнак аэродромынан ұшты.

Proteus деп аталған тікұшақ — Leonardo компаниясы Корольдік Әскери-теңіз күштері үшін әзірлеген. Жоба болашақта ірі автономды тікұшақтардың пилот басқаруындағы әуе техникасымен бірлесе әрекет ету мүмкіндігін көрсетуге бағытталған.

Тарихи сәтті сала өкілдері, Корольдік флот пен Ұлыбританияның қорғаныс ведомстволары бақылап отырды.

Сынақ кезінде Proteus қысқа бағдарлама орындап, барлық ұшу жүйелерін адамның тікелей араласуынсыз толық өздігінен басқарды. Тікұшақта экипаждың орнына заманауи сенсорлар мен борттық есептеу жүйелері орнатылған. Proteus бір тоннадан астам жүк көтере алады.

Комментарии
Другие материалы