Алғаш рет. Путин тәліптер елшісінен сенім грамотасын қабылдады

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A53ymCf8hzeezS8ScG0eXH6nH5VdBf4Qt3O8G1Lq.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі Ауғанстан елшісі Мавлави Гүл Хасаннан сенім грамотасын қабылдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Шетел мемлекеттерінің елшілері тізімінде Гүл Хасан Ауғанстан Ислам Әмірлігінің елшісі ретінде көрсетілген. Ол 2021 жылы тәліптер (қозғалыс террористік ұйымдар тізіміне енгізілген) билікке келгеннен кейін тағайындалған алғашқы елші болды.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде Владимир Путин Ресейдің Ауғанстанның біртұтас, тәуелсіз әрі бейбіт мемлекет болғанына, соғыс, терроризм және есірткі тасымалы сияқты қауіп-қатерлерден азат болуына шынайы мүдделі екенін айтты.

Гүл Хасан 2025 жылдың шілде айында Ауғанстанның Ресейдегі елшісі қызметіне кіріскен. Таяу Шығыс мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде жаңа елшінің аккредитациядан өтуі Ресеймен ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.

Бұған дейін Мемлекеттік думада АҚШ Ауғанстанға басып кірудің жағымсыз тәжірибесін қайталағысы келмейтіні айтылған.

Комментарии
Другие материалы