Құрылыс краны пойызға құлады. 22 адам мерт болды

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qBed2r4nTx42tFJW34tmsnIj3keCKmpdMjJX6zKY.jpg

Бүгін, 14 қаңтарда Таиландта құрылыс краны жолаушылар пойызына құлап, қаза тапқандар саны 22 адамға жетті. Тағы 55 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Khaosod басылымына сілтеме жасап.

Апат Накхонратчасима провинциясының Сикхио ауданында болған. Жоғары жылдамдықты теміржол құрылысына тартылған құрылыс краны Бангкоктан Убонратчатани провинциясына бет алған пойыздың үстіне құлаған. Куәгерлер мен жұмысшылардың айтуынша, кран пойыз жақындап қалған сәтте құлап, оның арқаны локомотивке ілініп кеткен. Соның салдарынан вагондар рельстен шығып кеткен.

Екінші және үшінші вагондар қатты зақымданған. Кейбір адамдар сол вагондардың ішінде қамалып қалған. The Thaiger басылымы кранның құлау себептерін анықтау бойынша тергеу жалғасып жатқанын жазды.

Айта кетейік, пойызда барлығы 190 адам болған.

Комментарии
Другие материалы