Мектеп оқушысының қазасы. Кінәлі деп танылғандар апелляциядан соң босатылды

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3vGg2tconZFAratECpsAPyc4qfUxJpaP56Yi9UOH.webp

Фото: Диапазон

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мектеп оқушысының өліміне байланысты сотталғандарға тағайындалған жазаны өзгертті. Бұл туралы Диапазон басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының Қопа ауылында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, 10 және 11-сыныпта оқитын оқушылар «кіші сынып оқушылары үлкендерге құрмет көрсетпеді» деген желеумен 9-сынып оқушыларын ұрып-соққан. Соның салдарынан 14 жастағы Нұржан Сыдық алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша айыпталушы ретінде 17 жастағы алты жасөспірім тартылған. 2025 жылдың қазан айында бұл іс бойынша алғашқы үкім шықты. Сот үш айыпталушыны «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып жасалған бұзақылық» бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

2024 жылғы қыркүйекте Қопа ауылында 10 және 11-сынып оқушылары 9-сыныптағы оқушыларды "кіші сынып оқушылары үлкендерге құрмет көрсетпеді" деген себеппен ұрып-соққан. Соның салдарынан 14 жастағы оқушы Нұржан Сыдық оқиға орнында көз жұмды.

Тағы екеуіне екі бап бойынша - "бұзақылық" және "жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіруді ұйымдастыру" - 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал олардың тағы бір сыбайласы "жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша дәл сондай нақты мерзімге сотталды.

Нақты мерзімге сотталған үш адам да, сондай-ақ, жәбірленуші тарап та үкімге шағым түсірген.

"Қылмыстық істері жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, ізгілік танытып, осы үшеуінің жазасын нақты мерзімнен шартты жазаға ауыстырды. Яғни алқа қаулысына сәйкес олар бостандыққа шығарылды: белгілі бір шектеулермен жазаны бостандықта өтейді", - деп жазады басылым.

Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталғандардың кінәсін мойындағанын, өкініш білдіргенін және жәбірленуші тараппен медиациялық келісім жасағанын хабарлады.

Қаза тапқан оқушының туыстары да сотталғандарға жазаны жеңілдетуді өздері сұраған. Жарияланымда дәл осы жайттардың бәрі жазаны нақты мерзімнен шартты жазаға өзгертуге негіз болғаны айтылған.

Комментарии
Другие материалы