Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар-кездесу өтті

251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vLOgXzS3xQbf6bUv3eMuQ00Le9YC2LD2ObkBAEkC.jpg

Бүгін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың қызметін түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту.

Іс-шараға архив және кітапхана қызметкерлері, қоғамдық келісім саласының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

Жиын барысында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған алаяқтықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткені, әсіресе аға буын өкілдерінің жиі алданып қалатыны айтылды. Осы бағытта облыстық прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Жалғас Базарбайұлы Төленов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтықтан сақтану жолдарына тоқталды.

Сонымен қатар, Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арман Мұхаметжанұлы Абилкасимов қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстармен таныстырды.

Кездесуде «Amanat» партиясы Ұлытау облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Ершат Момынбайұлы Аубакиров азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталса, үкіметтік емес ұйымдар атынан Ұлытау жастары қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бақыт Болатовна Болатова азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне назар аударды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Құралай Темірбековна Қалмағанбетова заңнамалық өзгерістер мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай ашық диалогтардың құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсер ететініне сенім білдірді.

Іс-шараға қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен барлық спикерлерге және белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс білдірілді.

 

Комментарии
Другие материалы