Венесуэла президентінің ұсталғанын Трамп хабарлады

613
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vx12kIJgnyJfgL5YEyAp7Kn9BYzlYCOUN1mtPb0e.jpg

АҚШ-тың Венесуэлаға бағытталған масштабты әскери операциясы нәтижесінде ел президенті Николас Мадуро мен оның әйелінің «ұсталғанын және елден шығарылғаны» туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы АҚШ президенті Трамп Truth Social платформасында жазды.

Америка президенті бүгін Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз мәслихатын өткізетінін айтты.

Каракас қаласында таңғы сағаттарда бірнеше жарылыс орын алып, АҚШ әуе күштері кемінде 11 нысанға соққы жасағанын, соның ішінде Ұлттық ассамблея ғимараты бар екенін президент Колумбии Густаво Петро растады. Венесуэлада төтенше жағдай режимі енгізілген.

Дональд Трамп қарсы билікті есірткі картельдерімен байланысы бар деп айыптап, бұрын да жер операциясын жүргізу мүмкіндігін айтқан. Ал Мадуро бұған дейін АҚШ-пен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы