«Мұсылман мерекесі емес». Жаңажылдық корпоративке қатысты қауесетке Берденов не дейді?

130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0FgsjDFDhviTTv9W5XBSVzmx1LON9d0rnFlSqZqh.webp

Әлеуметтік желіде Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы Руслан Берденов діни көзқарасына байланысты өзі басқарып отырған мекемеде жаңажылдық корпоративтік кеш өткізуге тыйым салды деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет алғаш рет Threads платформасында жарияланған, деп хабарлайды “Адырна”.

Желі қолданушысының жазуынша, Руслан Берденов корпоративтік кештен бас тартып қана қоймай, қызметкерлерге арналған тәтті сыйлықтарды да таратпаған.

«Мұны ұжымға “Жаңа жыл мұсылмандардың мерекесі емес” деп түсіндірді. Алайда Жаңа жыл Қазақстанда “Мерекелер туралы” заңға сәйкес мемлекеттік мереке болып саналады», – деп жазды желі қолданушысы.

Алайда Руслан Берденов Instagram парақшасында жазба жариялап, тараған хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз көпұлтты, көпконфессиялы елміз. Сондықтан мен үшін, басшы ретінде «дұрыс» немесе «бұрыс» дін мен мәдениет өкілдері деген ұғым жоқ және болуы да мүмкін емес. Мен үшін Жаңа жыл ең алдымен отбасылық мейрам.

Діни себеппен мерекені атап өтуден бас тарту, корпоративтерді немесе жаңа жылдық сыйлықтарды алып тастау туралы ешқандай шешім қабылданған жоқ және ондай шешім қабылдануы да мүмкін емес.

«Жаңа жыл – мұсылман мерекесі емес, сондықтан біз қызметкерлерді құттықтамаймыз» деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Осындай хабарламаларға сақтықпен қарап, тексерілмеген ақпаратқа сүйеніп, қорытынды жасамауларыңызды сұраймын», – деді ол.

Берденовтің айтуынша, қазір компанияның қауіпсіздік қызметі бұл жағдайды тексеріп жатыр. Ақпаратты кім таратқаны және оның неге бұрмаланғаны анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы