Ресей Путин резиденциясына шабуыл жасалғанын айтты. Украина айыптауды жоққа шығарды

918
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rUKqfB3IcmEV1dGMOnkioAhHU8ChxmvTnG1AQEO5.jpg

Украинаның қарулы күштері Ресей президенті Владимир Путиннің резиденциясына алыс қашықтыққа ұшатын дрондармен шабуыл жасады. Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі APA агенттігіне сілтеме жасап.

Ушаковтың айтуынша, Киев Новгород облысында орналасқан Ресей президентінің резиденциясына алыс қашықтықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын кең көлемде қолдана отырып, террористік шабуыл ұйымдастырған.

Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29 желтоқсанға қараған түні 91 ұшқышсыз аппараттың шабуылы болғанын айтты. Барлық дрон әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері тарапынан жойылған. Министр Украина әрекеттері жауапсыз қалмайтынын, жауап соққыларының нысандары мен уақыты анықталғанын атап өтті.

Украина президенті Владимир Зеленский шабуыл туралы мәлімдемені жалған деп атап, оны Ресейдің Киевтегі үкіметтік кварталға соққы беруге дайындалып жатқанымен байланыстырды.

«Біз бен Америка арасында жанжал болмай, керісінше, ілгерілеу байқалса, бұл орыстар үшін сәтсіздік саналады. Өйткені олар бұл соғыстың аяқталғанын қаламайды»,-деді басшы.

Украина президентінің пікірінше, Мәскеу мұндай мәлімдемелер арқылы Киев пен Вашингтон арасындағы бейбіт келіссөздерде қол жеткізілген прогресті бұзуға тырысып отыр. Осыған байланысты ол Трампты «Ресейдің қоқан-лоққыларына тиісінше жауап беруге» шақырды.

Еске салайық, 29 желтоқсанға қараған түні Флоридада Украина мен АҚШ президенттері кездескен еді. Тараптар Украина басшысы ұсынған 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың жекелеген аспектілерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Ақ үй басшысы бейбіт жоспардың шамамен 90 пайызы келісілгенін жеткізді.

Комментарии
Другие материалы