Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылады

280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hTdzrz8CfFzz7NxSpsKN9mJnaUk5GwoXlIKcGmHg.jpg

Астанада жүргізушісіз такси жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы 2026 жылы Астанада жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Елорда 2026 жылы inDrive компаниясы ұсынған жүргізушісіз такси жобасы іске қосылатын Қазақстандағы алғашқы қалалардың қатарына енеді. Шаһар қалалық мобильділіктің жаңа форматына көшуге дайындалып, автономды көлікті «қауіпсіздікті арттыру, жайлылық пен қалалық ортаның сапасын жақсарту құралы» ретінде қарастырып отыр»,- делінген хабарламада.

Өздігінен жүретін автокөліктерді енгізу жобасы «ақылды қала» стратегиясы мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңі тестілеуден өткізуді, заңнамалық тұрғыда реттеуді және инфрақұрылымын дайындауды қамтамасыз етуді қарастырады. 

«Жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жобаны іске қосу - ақылды әрі қауіпсіз қалалық мобильділікті дамытудағы маңызды қадам. Автономды көлікті енгізу кезең-кезеңмен, азаматтардың қауіпсіздігін басымдыққа ала отырып іске асырылады. Сондай-ақ инфрақұрылымның дайын болуын қамтамасыз ету біз үшін маңызды.  Астана - жаңа технология енгізілер алдында нақты сынақтан өткізілетін алаңға айналуда. Мұндай тәсіл инновацияларды қолдауға және қоғамның жаңа цифрлық шешімдерге деген сенімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев.

 

 

 

Комментарии
Другие материалы