Азық-түлік инфляциясы бізді ерекше алаңдатып отыр — министр

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/145r29SQcsnUdEYoH4NET38R9n4JLuVLkrAxV9KN.webp

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу нәтижесінде ешқандай дүкеннің банкрот болмағаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте вице-премьер қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің бағасы мемлекет тарапынан реттеліп отырғанын айтты. Алдағы уақытта бұл тізімді уақытша түрде 33 тауарға дейін кеңейту жоспарланып отыр.

"Азық-түлік инфляциясы бізді ерекше алаңдатып отыр. Себебі бірқатар өнімнің бағасы ұзақ уақыт бойы өсіп келеді және бұл маусымдық факторларға байланысты емес", — деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, бағаның қымбаттауы көбіне алып-сатарлық әрекеттермен байланысты.

"Біз бұл шараларды жай ғана енгізіп отырған жоқпыз. Үй жанындағы дүкендерге де, қажет болған жағдайда ірі компанияларға да қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл бастамалар кәсіпорындарды банкроттыққа ұшыратады деп ойламаймыз", — деді вице-премьер.

Комментарии
Другие материалы