Мемлекеттік қызметтің құндылықтары:жас мамандарға арналған дәріс-кездесу

22
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aPlm7R7V4Dmdbi8WTuQuBPn3sQdNqD49n7fPtgwg.jpg

«Адал азамат» Жол картасының 17.3-тармағын іске асыру аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» медалінің иегері, Алматы қаласы әкімі аппаратының Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Гүлнара Қуанышқызы Молдашева жас мемлекеттік қызметкерлермен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында Гүлнара Қуанышқызы Молдашева Алматы қаласы Әділет департаментіне алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандарға мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары мен негізгі нормаларды түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі, әлеуметтік қорғалуы, қызметтік миссиясы мен кәсіби этикалық талаптары туралы кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, спикер мемлекеттік қызметтегі өз еңбек жолы, жинақтаған кәсіби тәжірибесі және жауапты қызметтің маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, жас мамандарға пайдалы кеңестер берді.

Комментарии
Другие материалы