Қаза тапқандар бар. Араб Әмірліктерін су басты

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rfR8MD7aFtsHlSJyGqJOHwhp4t8e9utFJe22Srfg.jpg

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) нөсер жауын салдарынан бірнеше қаланы су басты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ел билігі тұрғындарға үйде қалуға, су басқан аймақтарға бармауға және саяхатты шектеуге шақырды.

БАӘ Ұлттық метеорология орталығы елде ауа райының құбылмалы болатынын, нөсер жаңбыр жауып, жел екпіні күшейетінін ескертті. Жаңбырдың ең көп мөлшері Рас-эль-Хаймада – 127 мм, Порт Сакрда – 123 мм, ал таулы аймақтардағы Джабаль-ар-Рахба мен Джабаль-Джейсте сәйкесінше 117,5 мм және 166,6 мм жеткен.

Gulf News мәліметінше, Шарджа полициясы су тасқынынан кейін өнеркәсіптік аймақта екі адамның электр тоғынан қаза тапқанын тергеп жатыр.

Елдің ірі қалаларының бірі Дубай да су астында қалды. Қауіпсіздік мақсатында билік қаладағы саябақтар мен қоғамдық жағажайларды уақытша жауып тастады.

Комментарии
Другие материалы