Қазақстан құбырға шабуылдан 480 мың тонна мұнай жоғалтты. Қайтпек керек?

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Hj7KneKRWNITB1ep2yA9VVw4sKQRGSsSN8zoJQGD.webp

Қазақстан Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін мұнай өндіру көлемінен 480 мың тонна жоғалтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta.ru-ға сілтеп.

Бұл туралы елдің энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеген. 

Министрдің айтуынша, айтарлықтай шығынға қарамастан, бұл жағдай 2025 жылға жоспарланған мұнай өндіру көрсеткіштерін орындауға кедергі болмайды.

Ақкенженовтың мәліметіншк, шабуылдан кейін КҚК айтарлықтай зақымданған. Оның айтуынша, құрылғыда 3×2,5 метр көлемінде үлкен жырық пайда болған.

«Зақым өте үлкен. Шабуыл салдарынан пайда болған ойық үш метрге екі жарым метр», — деді министр.

Оқиғадан кейін Қазақстан билігі мұнай экспортының бір бөлігін КҚК жүйесінен басқа бағыттарға – Самараға, Баку–Тбилиси–Джейхан құбырына (БТД) және Қытайға қайта бағыттау жөнінде келісім жасаған.

Еске салайық, 29 қарашаға қараған түні украиндық теңіз дрондары Новороссийскідегі КҚК теңіз терминалына шабуыл жасап, құбырды зақымдаған. Шабуылдан соң Новороссийск портындағы барлық жүктеу операциялары уақытша тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Персонал мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Кремль КҚК нысандарына жасалған шабуылды «өрескел жағдай» деп атаған еді.

Комментарии
Другие материалы