Министр аэротаксиді 2027 жылы іске қосуы мүмкін

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iPvQUEyzLUWFwECu3wONH7MLEzT2HJPRGfBOvjNU.jpg

Қазақстанда аэротакси қызметін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ведомство қазіргі таңда ұшқышсыз әуе көліктерін, оның ішінде жолаушылар тасымалын реттейтін құқықтық базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы заң жобасын 2026 жылы дайындап, Парламент қарауына енгізу жоспарланған.

«Бұл жерде басты мәселе – қауіпсіздік. Қауіпсіздік толық қамтамасыз етілсе, қалған сұрақтардың барлығы шешіледі», – деді министр Нұрлан Сауранбаев.

Журналистердің сұрағына жауап берген министр аэротакси Қазақстанда 2027 жылы іске қосылуы әбден мүмкін екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай технология қазірдің өзінде әлемнің кейбір елдерінде қолданылып жатыр.

«Біз Шэньчжэнь қаласында болдық. Ол жерде аэротакси қызметін пайдалануға болады, бірақ ұшу кезінде пилот басқаруы міндетті», – деді ол.

Қазақстанда әуе таксиін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жолаушылар қауіпсіздігі басты назарда болады. Бұған дейін елімізде жаңа Алатау қаласында аэротакси жүйесін дамыту мақсатында құны 300 млн доллар болатын электр ұшақтарын сатып алу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Комментарии
Другие материалы