Инспекторды көлік қағып, мерт қылды

186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2OCeF3D9B1AQKarhXWMiJL5lXtpvdObGmzypBbtv.jpg

Бүгін, 7 желтоқсан күні Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақмола облысының полиция департаменті патрульдік полиция инспекторының қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

"Қайғылы оқиға Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", - деді Ақмола облысы ПД.

Департамент бұл факті бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Комментарии
Другие материалы