Қазақ мұнайын таситын Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасалды

570
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ReT75mfBVlcTxwV9m0XtcIN0PdZsaTRwwhxWOBBK.jpg

Каспий құбыр консорциумынa (КҚК) экипажсыз катерлер арқылы мақсатты террористік шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КҚК-ға сілтеп.

Шабуыл 29 қараша күні таңғы сағат 04:06-да Новороссийскідегі КҚК айлағында болған.

Украинаның экипажсыз катерлерімен жасалған шабуыл салдарынан Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалының айлақ құрылғысы істен шықты.

 Салдарынан мұнай тиеу операциялары толық тоқтатылды.

КҚК қызметкерлері мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметі жарылыс кезінде айлақтағы апаттық қорғау жүйелері автоматты түрде іске қосылып, тиісті құбыржолдар жабылғанын атап өтті. Алдын ала деректер бойынша теңізге мұнай төгілмеген. Терминал аумағында экологиялық мониторинг жүргізілуде.

Айта кетейік, КҚК Қазақстандағы үш ірі кен орнынан – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді. 2024 жылы терминал арқылы шамамен 63 млн тонна мұнай жөнелтілді, оның 74%-ға жуығы шетелдік жүк жөнелтушілердің үлесіне тиесілі. 

Комментарии
Другие материалы