Ірі өрттен 44 адам қаза тапты

672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZNOA6BHOH5vCKnnvjAmGlmMlyGKqXZv7gB2Ihj7p.jpg

Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған ауқымды өрт салдарынан кемінде 44 адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Бұл туралы арнайы әкімшілік аудан басшысы Джон Ли 27 қарашада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Бұған дейін елде өрттен 36 адамның қаза тапқаны туралв ақпарат тараған.

Ведомство мәліметінше, тағы 29 адам ауруханаға жеткізілген, олардың жетеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Өрт сәрсенбі күні Тай По ауданында басталып, бамбуктан жасалған құрылыс тіректерінетарап, бірнеше биік ғимаратқа өршіген. Өрт сөндіру қызметінің дерегінше, Wang Fuk Court кешенінің сегіз корпусының бесеуі өрт ішінде қалған.

Құрбандар арасында бір өрт сөндіруші бар. Ол өртті сөндіру кезінде әріптестерімен байланысын жоғалтқан, кейін оның денесі табылды.

Өрттің ресми себебі анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар бұған дейін құрылыс жұмысшыларының жұмыс кезінде темекі шегетіні туралы шағымданған. Полиция абайсызда кісі өлтіру бойынша үш адамды ұстады.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Гонконг билігін өртті тез арада ауыздықтап, залалды азайтуға шақырды.

Комментарии
Другие материалы