Кішкентай қыздың 18 тісін емдеген. Емханаға қатысты сот ісі жалғасып жатыр

398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/z47fuv1eyNgD6FxwpjuqjtmF9eX5RcUD5lxyovhT.jpg

Астанада үш жасар қыздың жеке стоматологияда қайтыс болуына байланысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-қа сілтеп.

БАҚ беттерінде Астанадағы клиникалардың бірінде дәрігер кішкентай қыздың 18 тісін бірден емдемек болғаны туралы ақпарат тараған. Оқиға 2024 жылдың 30 қазанында болды.

Марқұмның әкесі қызы наркоздан кейін оянбаған, ал процедура 3 сағатқа жоспарланған болса да, 3,5 сағатқа созылғанын айтады. Алдыңғы отырыстарда әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдегенін, оны бірнеше кезеңге бөлмегенін айтқан.

Іс бойынша тек анестезиолог жауапқа тартылуда. Стоматолог сотқа қатыспаған. Іс ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімі («Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы, нәтижесінде адамның өліміне әкеп соғуы») бойынша қаралуда. Анестезиологқа төрт жылға дейін қамау немесе шектеу, сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салу түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін.

2025 жылғы 25 қарашада прокурор медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама нәтижелерін оқыды. Сарапшылар медициналық құжаттамада бұзушылықтар анықтаған. Стоматологиялық карта болмаған, науқас келісімі дұрыс рәсімделмеген, кеңестер жазылмаған.

Сонымен қатар, видеоматериалдармен сәйкессіздік, диагноздардың науқастың жағдайын көрсетпеуі, қолданылған кейбір препараттардың құжатта болмауы тіркелген.

Прокурордың айтуынша, «кетотифен, супрастин және кальций» препараттары қолданылған, бірақ құжаттарда көрсетілмеген.

Наркоз кезінде капнография өлшенбеген, жүрек-өкпе реанимациясы хаттамасы жасалмаған, қан қысымы бақыланбаған. Баланың жағдайы нашарлаған кезде анестезиолог наркозды тереңдеткен, кардиомониторинг жүргізілмеген, адреналин дозасы жасқа сәйкес келмеген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, баланың өлімі гипоксиядан (оттексіздіктен) болған, бұл ми ісігіне алып келген. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай медициналық седаяция мен жасанды тыныс алу, қос қабатты пневмония және жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі салдарынан туындаған.

Сот процесі әлі жалғасуда.

Комментарии
Другие материалы