Жан түршігерлік жол апаты. Алматы маңындағы апаттан 6 адам қаза тапты, 5 адам ауруханада жатыр

1416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

 Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Audi маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Полицияның дерегінше, бес жолаушы түрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемесінде жатыр.

"Қайғылы оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – делінген ресми хабарламада.

Комментарии
Другие материалы