«Барлық қазақстандықтарды балағаттады» – ЛГБТ белсенділерінің әрекеті тағы да жанжал тудырды

256
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NWNi1FmuXBwATiGWyHxKiy3V6DGJc2R6pjsHgBkV.jpg

Астанада ЛГБТ белсенділері дайындаған зерттеудің тұсаукесерінде жанжал туды. Қатысушылардың айтуынша, трансгендер Ардж Тұрсынхан қазақстандықтарға тіл тигізді.

ЛГБТ белсендісінің «Мұндағылар добоёбтар екенін көріп отырмын» деген сөзі жанжал тудырды. Ашық пікірталас ретінде ойластырылған кездесу тез арада дауға ұласты. Зерттеуді тыңдауға келген қоғам өкілдерінің бірі наразылық білдіріп, ұйымдастырушыларға мұндайға жол беруге болмайтынын айтты.

Алайда ЛГБТ белсенділері одан іс-шара өтіп жатқан залдан кетуді талап етті. Бұл оқиға әлеуметтік желіде кең тарап, аудиторияның наразылығын тудырды. Желі пайдаланушылары ЛГБТ белсенділерінің іс-әрекетін талқылап, сынға алуда.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заңды мақұлдаған болатын. Депутаттардың айтуынша, заң ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын шектемейді. Ол тек балаларды зиянды идеяларды насихаттаудан және жат құндылықтарды таңудан қорғауға бағытталған.

Енді заң жобасы Парламент Сенатында қаралатын болады. ЛГБТ белсенділері мұндай тыйымды қабылдамауды талап етіп, депутаттардың бастамасына қарсы шықты.

Комментарии
Другие материалы