Министрдің мысқылы. Шенеунік әскердегі әлімжеттік жайлы білмейтінін айтып күлді

798
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CyvGUC15NGeXs1MPbBWbO6MROzWnD5pIa5a68N12.webp

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қазақстан армиясында болып жатқан әлімжеттік пен заңсыз әрекеттер жайлы ештеңе білмейтін болып шықты. Бұл туралы ол журналистердің  сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды "Адырна".

«Қандай заңсыздық? Әлімжеттік деген әскерде атымен жоқ!»- деді Қосанов.

Журналистер Қазақстан әскерінде ай сайын қаза тауып жатқан сарбаздар жайын жеткізді. Бұған Қосанов күле жауап қатты:

«А, солай ма не?!»- деді Қорғаныс министрлігінің басшысы мысқылдап.

Естеріңізге сала кетейік,10 қараша күні  Астанада қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналары әскерде түбегейлі реформа жүргізуді талап етіп, наразылық білдірген болатын. Сондай-ақ ел үкіметіне бірқатар талап қойды.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі аналарға жауап беріп, әскери қауіпсіздікке жіті көңіл бөлінеді деп айтты.

Комментарии
Другие материалы