Қаруланған топ мектептен 25 оқушы қызды ұрлап кетті

812
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kgYAkxITzT7SKSZWTc2BvbGhgmCW3QAT3saSnk4Q.jpg

Нигерияның солтүстік-батысындағы Кебби штатында қарулы топ Мага кентіндегі мектеп-интернатқа шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Қаскүнемдер 25 оқушы қызды ұрлап, мұғалім мен күзетшіні өлтірген. 

Шабуыл таңғы 4:00 шамасында болған. 

Полицияның ресми өкілі Нафиу Абубакар Котаркосидің айтуынша, қылмыскерлер заманауи қару-жарақпен қаруланған және күзетпен атысқан. Арнайы жасақ қазір қашу бағыттарын, орман алқаптарын тексеріп, қыздарды құтқару операциясын жүргізіп жатыр.

Жергілікті тұрғын Абдулкарим Абдуллахи Мага шабуылшылардың «өте көп мотоциклмен келгенін» айтып, олардың бірден мұғалімді және күзетшіні көздегенін жеткізді.

Әзірге бұл қылмыс үшін ешбір ұйым жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Нигерияда қарулы топтар адамдарды қаржылық талап қою үшін жиі ұрлап әкетеді.

2014 жылы Чибокта «Боко Харам» содырлары 276 оқушы қызды алып кеткеннен бері елде кемінде 1500 оқушы ұрланған.

Комментарии
Другие материалы