Жетісай трагедиясы. Қаза тапқан 12 жанның тоғызы – бала...

970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Түркістан облысының Жетісай ауданында өрт оқиғасы салдарынан он екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай өртке оранған.

«Барлау және өртті сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды. Іштен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адам өлі табылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Көршілердің айтуынша, өрт болған түні үйде қонақтар болған. Себебі алдыңғы күні үй иелері отбасылық шара ұйымдастырған.

Өрт 360 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы