Қазақстан мен Бельгия. Тартысты ойын қандай есеппен аяқталды?

713
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yiaVUdCqtFOWHdfJYQvNRXbs1QyrU14gxhShGIW1.webp

Астанада өткен маңызды кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағы бойынша іріктеу кезеңінің J тобындағы 9-тур матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.

Ойын Астанадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Кездесуді литвалық төреші Донатас Румшас бастаған қазылар алқасы басқарды.
Кездесудің 9-минутында Дастан Сәтбаев дәл соққысымен Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда үзілістен кейін бельгиялықтар есепті теңестіре алды. 48-минутта қарсылас команданың ойыншысы Ханс Ванакен гол соқты.

79-минутта ел құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков қызыл қағаз алды. Қазақстан құрамасы матчының соңын он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Бұл нәтижеден кейін Белгия құрамасы 7 матчтан кейін 15 ұпай жинап, J тобының көшін бастады. Қазақстан құрамасы 8 кездесуден кейін 8 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Алдағы әлем біріншілігіне 48 құрама қатысады. Олар 12 топқа бөлінеді. Әр топтан алғашқы екі орын иегерлері, сондай-ақ үшінші орын алған үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бекарыс Жандаулет

Комментарии
Другие материалы