АҚШ термоядролық бомбаны сынақтан өткізгенін хабарлады

999
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X4fb55IafCaSVlK1tPlNhnNyyJLAXCpN52bcSRms.webp

АҚШ энергетика министрлігіне қарасты «Сандия» ұлттық зертханасы жазда модернизацияланған В61-12 термоядролық авиабомбасын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report мәліметінше, ұшу сынақтары 19–21 тамыз күндері Невада штатындағы Тонопа полигонында жүргізілген.

Сынақ барысында бесінші буын F-35 жойғыш ұшақтары инертті В61-12 үлгісін нысанаға дейін жеткізіп, тастау операциясын орындаған. Зертхана мамандарының айтуынша, сынақ нәтижелері қарудың тиімділігін бағалауда маңызды кезең болды және оң нәтиже көрсетті.

АҚШ-тың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі (NNSA) өткен жылдың желтоқсанында В61 сериясындағы ядролық авиабомбаларды жаңарту бағдарламасын аяқтаған еді. Жаңарту барысында бомбаларға жаңа плутоний өзектері орнатылып, олардың қызмет ету мерзімі кемінде 20 жылға ұзартылды.

В61 – 1962 жылдан бері АҚШ-та өндірілетін, қуаты 0,3-тен 340 килотоннаға дейін өзгеретін әуе арқылы жеткізілетін тактикалық ядролық қару отбасына жатады. Бұған дейін В61-1 – В61-4 модификацияларынан 400 дана В61-12 жасау туралы шешім қабылданған. Бұл бомбалар әсіресе нық бекітілген жерасты бункерлерін жоюға арналған.

Бекарыс Жандаулет

Комментарии
Другие материалы