Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен жобаларды іске қосты

875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HxoDM5QMIeNh7L8Mho4VZTuxKhwHWcyI7MhcKRt9.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы екі ел арасындағы бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда жазды.

Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген. Мемлекет басшылары символикалық түймені басып, жобалардың іске қосылуын ресми түрде жариялады.

Жобалар аясында Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы ашылды. Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті, Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығы құрылысын бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ, жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамы және «Астана» қонақ үйі салынады, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешені іске қосылмақ.

Ал елордалық аумақта «Ташкент» қонақ үйінің құрылысы басталды.

Бұл бастама екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, инвестициялық жобаларды дамытуға және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Комментарии
Другие материалы