990 мың доллардың дауында Бишімбаевтың әкесінің денсаулығы жайында айтылды

389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Hll5VSZgLccLsXTPdptrpIAMuLj1PiBWevTIRYp6.jpg

Астанада өтіп жатқан алаяқтық ісі бойынша сот процесінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова куәлік берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевтің әкесі Уәлихан Бишімбаев 2023 жылы онкологиялық дертке шалдыққан.

«Сол күні мен жолдасыммен үйде болдым. Бұл – біздің өміріміздегі ең ауыр күндердің бірі болды. Жолдасымның жағдайы күрт нашарлап, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Бірақ олар көмектесуден бас тартты. Жолдасым онкологиялық дертке шалдыққан, жүрегі де сыр берді. Бұл жағдайдың неден болғанын бүгінге дейін түсіне алмай келеміз», – деді Нұрлыбекова сотта.

Белгілі болғандай, Астанада алаяқтық ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Тергеу материалдарында экс-министрдің туыстарының есімдері аталған. Прокурордың айтуынша, сотталушы Бекзат Кемелова (Нұрлыбекованың абысыны) Бишімбаевтың анасының ақшасын иемденіп кеткен. Сотта қомақты қаржы - 990 мың доллардың (шамамен 453 миллион теңге) дауы талқыланып жатыр.  

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

Комментарии
Другие материалы