Президентті Мәскеуде үкімет басшысының бірінші орынбасары қарсы алды

934
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IsMBueYqVZN8ugaHyFtfXfgoBZSCuHPnz5K6Yvoo.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Внуково-2 әуежайында жоғары мәртебелі қонақты қарсы алу үшін Мәскеу гарнизонының құрмет ротасы мен әскери үрмелі оркестр қызмет атқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей үкіметінің бірінші орынбасары Денис Мантуров және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік гимндері шырқалды.

Әуеге көтерілуінен Мәскеуге қонуына дейін Қазақстан Президентінің ұшағын Ресей қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қадағалады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі өз Telegram арнасында фотосуреттер мен бейнежазбалар жариялаған.

11-12 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде ресми сапармен болады. Кездесулер барысында ол Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер өткізеді және бейне-конференц форматында XXI Қазақстан–Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысады. Сонымен қатар, сапар барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылуы жоспарланған.

Комментарии
Другие материалы