Нью-Йорк қаласын алғаш рет мұсылман мэр басқаратын болды

848
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PD4uzRna12O3jXGVnI4ir48PcesCNPDU1kEgFexY.webp

34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының мэрін сайлауда жеңіске жетті. Осылайша ол бұл лауазымға тағайындалған тұңғыш мұсылман және ең жас қала басшысы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Мамдани 50,5 пайыз дауыс жинады. Екінші орынға Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы, демократ Эндрю Куомо табан тіреді. Ол 41,7 пайыз дауысқа ие болды. Бұған дейін декократты АҚШ президенті Дональд Трамп қолдауға шақырған еді. Ал республикалық партия өкілі Кертис Слива 7,2 пайыз дауыс жинады.

Мамдани сайлау нәтижесін «саяси әулеттің құлауы» деп атады.

«Біз жаңарған қаланың ауасымен тыныстап отырмыз», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Зохран Мамдани мэр болған жағдайда Нью-Йорк қаласын қаржыландыруды қысқартатынын айтқан еді.

Зохран Мамдани 1991 жылы Уганда астанасы Кампалада дүниеге келген. Оның анасы — әйгілі үнді режиссер Мира Наир, ал әкесі — угандалық ғалым, үнді тектес саясаттанушы Махмуд Мамдани. Болашақ мэр бес жасында отбасымен Оңтүстік Африкаға, ал екі жылдан кейін Нью-Йоркке көшіп келген. АҚШ азаматтығын 2018 жылы алған.

Комментарии
Другие материалы