Қазақстан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Әлемнің 190 елінен келген командалар арасындағы додада қазақстандық оқушылар екі жоғары марапат иеленді:
- GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) – турнирдің бас жүлдесі;
- ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) – инженерлік шеберлік пен командалық көшбасшылық үшін.
Құрамында NIS Алматы-Медеу мектебінің оқушылары – Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Әлихан Орынбасаров, Мадияр Әсетұлы және Нұрасыл Тұрсынбаев бар. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтүленов.
Қазақстан құрамасы бұған дейін Женева-2022, Сингапур-2023 және Грекия-2024жарыстарында да топ жарған болатын.