43 жыл биліктен таймаған. 92 жастағы саясаткер тағы 7 жылға президент болды

1160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BB4xCpDCGIf5AImtRf7V9daz0KUtXStfHxutheaO.jpg

Әлемдегі ең жасы үлкен мемлекет басшысы 92 жастағы Камерун президенті Поль Бийя жаңа жеті жылдық мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елдің Конституциялық сотының хабарлауынша, Бийя сайлауда 53,66% дауыс жинаған.

Поль Бийя Камерунды 1982 жылдан бері басқарып келеді. Бұл – оның сегізінші президенттік мерзімі болмақ. Сайлау 12 қазанда өткен, ал оның қорытындысы дүйсенбі күні ресми түрде жарияланды.

Науқан кезінде Бийя бар болғаны бір митинг өткізген. Үгіт кезеңінің он күнін ол Еуропада жеке сапармен өткізген.

Сайлауға тағы тоғыз кандидат қатысқан, олардың екеуі Бийяның серіктестері.

Басты қарсылас саналатын оппозиция жетекшісі Морис Камто биылғы сайлауға қатыса алмады. Конституциялық сот оны тіркеуден бас тартқан. Бұл шешім қоғамда әділетсіздік ретінде қабылданды.

Оппозициялық кандидат Иссе Чирома Бакари өзін жеңімпаз деп жариялағанымен, ресми мәлімет бойынша ол 35,2% дауыс жинаған. Оның жақтастары сайлау нәтижелерін бұрмалау мен заң бұзушылықтар болғанын айтады.

Камерун диаспорасы негізінен Чироманы қолдаған: Азия мен Таяу Шығыста 68%, Еуропада 62%, АҚШ-та 66% дауыс оған берілген.

Ел ішінде инфляция, жұмыссыздық пен сыбайлас жемқорлыққа наразылық артып келеді.

Халықтың 60%-дан астамы – 25 жасқа толмаған жастар. Ал 15 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың 40%-ы жұмыссыз.

Саясаттанушылардың пікірінше, Поль Бийяның басты мақсаты – билікті сақтап қалу. Олар оның 1984 жылы болған сәтсіз төңкерістен кейін билікке бар күшін салғанын айтады.

Комментарии
Другие материалы