Қазақстан Иранға әскерін жібереді

1290
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wOdl7hYmcaycltFPbQmFdl0bsemGn7mGdkV0v4lX.webp

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының (ШЫҰ) «Саханд-антитеррор-2025» атты бірлескен антитеррористік жаттығуы 4 желтоқсанда Иранда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ШЫҰ аймақтық антитеррористік құрылымының атқарушы директоры Ұларбек Шаршеевтің мәліметінше, жаттығуға мүше мемлекеттердің компетенттік органдары қатысады.

Финалдық шаралар мен жабылу рәсімі Иранның Тебриз қаласының маңында ұйымдастырылады.

ШЫҰ-ға мүше елдердің әскері үшін ресми шақырулар мен бағдарлама жақын арада қатысушылар мен бақылаушыларға жіберілетіні айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда «Содружество-антитеррор-2025» антитеррористік жаттығуының соңғы кезеңі өтті. Жаттығуға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты, іс-шаралар Кедендік одаққа қарасты Антитеррористік орталықтың қолдауымен өткізілді.

Комментарии
Другие материалы