25 қазан – Республика күні

686
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/qazaqstan.jpg

Бүгін – Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігінің бастауы саналатын Республика күні.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде бірнеше сағатқа созылған айтыс-тартыстан кейін халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысын заңды түрде бекіткен тарихи құжат – «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның жаңа мемлекет ретінде қалыптасуының саяси-құқықтық негізін қалады.

Республика күні алғаш рет 1995 жылы Ұлттық мереке ретінде аталып өтті. Ал 2001 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Кейін уақыт өте бұл мерекенің мәртебесі өзгергенімен, 2022 жылғы 16 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай барысында Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде бұл бастама заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Комментарии
Другие материалы