Үкімет «Отбасы банк» салымшыларына сыйақы төлемейтін болды

1320
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/waBFoXtBRaIkPMOzqGhyj0WVqxS5wmdOcNBvIANI.webp

Енді Үкімет «Отбасы банк» салымшыларына жыл сайынғы сыйақы төлемейді. Бұл туралы бүгін, 22 қазанда  Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Отбасы банк» депозиттері бойынша салымшыларға берілетін сыйақыны банктің өз қаражаты есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Осылайша біз бюджетке түсетін жүктемені азайтамыз. Ал салымшылар үшін ештеңе өзгермейді»,— деді ол.

Министрдің айтуынша, «Отбасы банкке» 12 жыл ішінде бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бөлінген. Ал қазіргі үш жылдық бюджетте тағы шамамен 200 млрд теңге қарастырылған. Соның нәтижесінде салымшылар саны 10 есеге өсіп, 2,1 миллион адамға жеткен.

Мәди Тәкиев «Отбасы банк» мемлекеттік қаржы институты екенін және оның қаржылық жағдайы тұрақты екенін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы 120 млрд теңгені құраған.

Комментарии
Другие материалы