Қорғансыздың күні. Кәмелетке толмаған қызды зорлаған адам сотталды

666
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал прокуратураға оқиғаға жол берген ересектердің әрекетін заң тұрғысынан тексеру тапсырылды, де хабарлайды «Адырна».

 Қарағандыда 15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі отбасылық таныстарына қызды тұрмысқа берген. Наурыз айында ер адам баланы жалдамалы пәтерге апарып, бірнеше рет зорлаған. Қыз пәтерден қашып шығып, туған әкесінен көмек сұраған.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық істі қарау аяқталды. Кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деп айыпталған 37 жастағы ер адам сот алдында жауап берді.

Прокурор айыпталушыға ең жоғарғы жаза – 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда қорғаушы жазаны жеңілдетуді сұрады.

Іс материалдарымен танысқан сот сотталушының кінәлі ден тауып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған мұғалім болып жұмыс істеуге немесе кәмелетке толмағандар қатысатын лауазымдарды атқаруға біржола тыйым салынды.

“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың берген жауаптары, сараптама қорытындысы, қылмыстық іс бойынша басқа да материалдар арқылы дәлелденді. Жеңілдететін мән-жайлар жоқ”, – делінген сот хабарламасында. 

Сонымен қатар, сот прокуратураға жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін ықтимал заң бұзушылықтар бойынша тексеруді талап етіп, хат жолдады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Комментарии
Другие материалы