Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Будапеште кездеспек

1384
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B4U2pQRSmqxsJUZ7rQpD0YG66Q7k2gXxvqiyO8Ml.jpg

Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей көшбасшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл – Аляскада өткен соңғы саммиттен кейінгі екі ел президенттерінің алғашқы тікелей байланысы. Әңгіме Ресей тарапының бастамасымен басталған, деп хабарлайды “Адырна”.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, сөйлесу шамамен екі жарым сағатқа созылып, конструктивті атмосферада өтті. Тараптар ең алдымен Украинадағы жағдайды талқылаған.

Сөйлесу барысында Путин АҚШ-тың Украинаға «Томагавк» қанатты зымырандарын жеткізу туралы ықтимал шешіміне алаңдаушылық білдірді. Ол бұл қарулар майдандағы жағдайға айтарлықтай әсер етпейтінін, алайда мұндай қадам Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынасқа «салмақты зиян» келтіретінін айтты.

Әңгіме барысында Дональд Трамп екіжақты саммитті Будапешт қаласында өткізу туралы ұсыныс айтты. Владимир Путин бұл бастаманы қолдады. Қазіргі уақытта кездесу мерзімі нақты белгіленбеген. Тараптар саммиттің форматы мен күнін қосымша келісетін болады.

Бастапқы келіссөз ретінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесіп, саммитке дайындық жұмыстарын бастайды.

Өз кезегінде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан әлеуметтік желідегі парақшасында Будапешттің Ресей мен АҚШ көшбасшыларының кездесуін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Комментарии
Другие материалы