Мәскеудегі кездесу. Сирия Кремльден Асадты экстрадициялауды сұрады

1155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AQ5RvBhvOz63QRfbDHLVXnrfRTUMVpC9eLTnO90J.webp

Бүгін, 15 қазанда Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, одан экс-басшы Башар Асадты экстрадициялауды талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ол Асадты сириялықтарға қарсы жасалды деп болжанатын қылмыстар бойынша сотқа беру үшін ресми түрде экстрадициялауды талап етті», — делінген Reuters хабарламасында.

Одан бөлек, тараптар Сириядағы ресейлік әскери нысандардың, соның ішінде Тартус теңіз базасы мен Хмеймим әуе базасының келешегін талқылаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін бұл тақырып Путин мен аш-Шарааның келіссөздеріндегі негізгі мәселе болатынын нақтылаған. Қазір Сирияда Ресейдің әскері азайған, алайда Хмеймим мен Тартус портындағы ресейлік базалар жұмыс істеп тұр.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Ресей президенті Мәскеу Дамаскімен қарым-қатынаста әрдайым "Сирия халқының мүддесін басшылыққа алады" және бұл қарым-қатынас әрдайым достық сипатта болғанын еске салған. Әш-Шара өз кезегінде Сирия билігі бұған дейін Ресеймен жасалған келісімдерді құрметтейтінін мәлімдеген.

Ахмед аш-Шараа 2025 жылдың қаңтарында биліктің оппозициялық күштерге өтуінен кейін Сирияны басқаруға кіріскен еді. 2000 жылдан бері елді басқарған Башар Асад Сириядан кетіп, БАҚ дерегінше Ресейден саяси баспана алған. 2025 жылдың қыркүйегінде сириялық сот Асадты ауыр қылмыстар бойынша сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. 

Комментарии
Другие материалы